Take a fresh look at your lifestyle.

Президент Тоқаев Қатар әмірімен кездесті

0 254
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекет басшысы кездесуде Қазақстанның Қатармен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және екіжақты байланыстарды нығайтуға ниетті екенін атап өтті.

“Бұл кездесуімізге өте қуаныштымын. Біздің елдеріміз арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің мүмкіндіктері көп. Қатардың инвестициялық әлеуетін жақсы білеміз. Біздің мемлекеттеріміздің өзара іс-қимылдарын кеңейтуге, соның ішінде Қатар елінен инвестиция тарту бойынша тиісті тетіктерді іске қосуға ниеттіміз”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қатар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Тани Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануымен тағы да құттықтап, елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың нығая түсетініне сенім білдірді. 

“Біз сіздің еліңізге инвестиция салуға ниеттіміз. Бұған Қазақстан да мүдделі. Біздің ынтымақтастығымызды арттыру бағытында бірлескен техникалық комиссия құрылса, елдеріміздің өзара қарым-қатынасына оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын”, – деп атап өтті Тамим бен Хамад Әл Тани.

Кездесу соңында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне Футболдан әлем чемпионатын абыроймен өткізуге тілектестік білдірді.

baq.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.