Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

НАИБ МҮФТИ МЕШІТ ЖАМАҒАТЫН РАМАЗАН АЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ (фото)

0 1  507

18-мамыр. Астана. /SUNNA.KZ/ – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне арнайы келіп, қасиетті Рамазан айының ерекшеліктері турасында  уағыз айтты.

Айлардың сұлтаны болған Рамазан айының екінші күні және қасиетті жұма күні арнайы ат басын бұрған ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан Құптан намазынан бұрын, мешіт жамағатын қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Сонымен қатар, жамағатпен бірге Тарауық намазына қатысып, мешіт  тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

«Біздің халқымыз ежелден рамазанды ерекше қастерлеп: «Он екі айдың сұлтаны», – деп атаған. Берекесі мол айда жарамазан жырын айтып, оразаның келгенін қуанышпен жеткізіп, насихаттаған. Ал ауызашар дастарханы рухани сұхбаттың, бата мен ізгі тілектің қайнары болған. Ауыз бекіткен адамды айрықша қадірлеп, оған ауызашар беру – бағзыдан келе жатқан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз», – деді ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.