Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Иман» журналы байқау жариялады

0 166

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

22 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты ай сайын шығатын діни-танымдық «Иман» журналы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына байланысты «Қазақстан мүфтияты: өткені, бүгіні, ертеңі» атты шығармашылық байқау жариялайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Байқаудың мақсаты:

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тарихын, бүгіні мен ертеңіне шолу жасау, өткеннен ғибрат алу, болашақты бағдарлау, діни тақырыптағы шығармашылықты дамыту.

Байқаудың міндеттері:

Зерттеушілердің ізденісін арттыру;

Дін жолында қызмет еткен жандардың есімін ұлықтау;

ҚМДБ-ның қоғамдағы рөлін арттыру;

Осы тақырыпта жазып жүрген авторларға кәсіби мотивация беру;

Діни қызметкерлердің өнегелі істерін ақпарат құралдары арқылы насихаттау.

Байқау шарттары:

  • Байқауға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық (1990-2020 жылдары аралығында) тарихы кезеңінде діни басқармаға, оның құрамында қызмет еткен діни қызметкерлерге қатысты жазылған қызықты оқиғалар, зерттеулер, сұхбаттар, естеліктер, әсерлі әңгімелер жіберіледі.
  • Шығармашылық жұмыстар Word файлы түрінде қабылданады. Мақала көлемі Times New Roman шрифтімен 14 кегль өлшемінде, біртекті (одинарный) интервалмен теріліп, жалпы көлемі 4 беттен аспауы тиіс.
  • Жұмыстар ұйымдастырушының мекен-жайына (Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 16) және journal.iman@gmail.com электронды поштасына «Байқауға» айдарымен жолдануы тиіс.
  • Бір қатысушы бір номинацияға тек бір материал ғана жібере алады.
  • Материалдар қазақ тілінде қабылданады.
  • Байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
  • Қатысушылар шығармашылық жұмыстарға өздерінің толық аты-жөнін, телефон нөмірін, мекен-жайын, электронды поштасын және өздері туралы қысқаша мәліметті қосып жазып, journal.iman@gmail.com электронды поштасына жіберуі керек.

Байқау талаптары:

  1. Байқауға шығармашылық жұмыстарды қабылдау 2020 жылдың 1 ақпанда басталып, 2020 жылдың 31 тамызда аяқталады.
  2. Қазақстанның егемендігіне, біртұтастығына, бірлігіне нұқсан келтіретін, байқау шарттарына сай келмейтін материалдар байқауға қабылданбайды.
  3. Шығармашылық жұмыстардың мазмұны жобаның атауына («Қазақстан мүфтияты: өткені, бүгіні, ертеңі») сай болуы керек.

Байқау барысы:

  • Қазылар алқасы үздік деп таныған шығармашылық материалдар «Иман» журналында жарияланады.
  • Жеңімпаздарды кәсіби журналистер мен діни мамандардан құрылған қазылар алқасы анықтайды.
  • Жеңімпаздар 2020 жылдың қазан айында өтетін шығармашылық қорытындылау рәсімінде марапатталып, жүлде табысталады.
  • Байқауға қатысу үшін ұсынылған жұмыстар: шынайылығына, ерекшелігіне, мазмұнына, көркемдігіне, сапасына, өзектілігіне, толымдылығына және т.б. сипаттарына қарай бағаланады.

Жүлде қоры

Бас бәйге: Ұмра қажылығына жолдама;

І орын – 150 мың теңге;

ІІ орын – 100 мың теңге;

ІІІ орын – 75 мың теңге;

Ынталандыру сыйлығы үшеу, әрқайсысы 30 мың теңгеден.

Ұйымдастырушылар:

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен діни-танымдық «Иман» журналы.

Толық ақпаратты +7 778 948 7410 нөмірі арқылы біле аласыздар. (Сұрақтарыңызға дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09.00-18.00 ара-сында жауап бере алады).

«Иман» журналының мекен-жайы:

Алматы қаласы, Пушкин көшесі 16.

Индекс 050016,

Телефондар: 8 (727) 397 63 84, +7 778 948 74 10

E-mail: journal.iman@gmail.com

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.