Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти бастаған делегация ұлық имамдар мазарын зиярат етті (ФОТО)

0 171

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

4 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған қазақстандық делегация Өзбекстанның Самарқан қаласына жасаған ресми сапары аясында Әбу Мансұр әл-Матуриди мен имам Бұхаридің мазарын зиярат етіп, имамға Құран аятын бағыштады, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.Делегация мүшелері жергілікті дін қызметкерлерімен сұхбаттасып, кесене тарихымен танысты.

Айта кетсек, делегация құрамында ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов болды.

Имам Матуриди мазарына зиярат:

Имам Бұхари мазарына зиярат ету сәтінен:

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.