Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Елорда оқушылары автобуста тегін жүретін көлік картасын қалай алады

0 193

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

6 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – City Transportation Systems (бұрынғы – «Астана LRT») компаниясы оқушылардың автобуста тегін жүруіне арналған көлік картасын алудың екі жолын ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігінің сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Айта кетсек осыдан бір апта бұрын компаниясы басшысы Бекмырза Игенбердинов 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласында кәмелетке толмаған балалар қалаішілік қоғамдық көлікпен тегін жүретінін мәлім еткен еді. Сол кезде компания тарапынан бұл ретте оқушыларға қазіргі көлік картасын ауыстырудың қажеттігі жоғы айтылған. Десе де көлік картасы жоқ немесе оны жоғалтқан оқушылар үшін CTS екі амал ұсынып отыр.

«7 наурыздан бастап балалардың атаулы көлік картасын www.transcard.kz сайтында онлайн тапсырыс беруге болады. Ол үшін 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалардың туу туралы куәлігі, оқу орнынан анықтама, 3х4 суреті керек. Ал 16 жастан 18 жасқа дейінгі балалар жеке куәлігін, оқу орнынан анықтамасын, 3х4 суретін жіберуі тиіс. Сайтта көлік картасын шығару үшін төлем жасай аласыз. Бағасы 400 теңге. 5 жұмыс күннің ішінде электронды поштаңызға картаның дайындығы туралы хабарлама келеді. Сондай-ақ, көлік картасын алудың екінші амалы – компанияның кассалары. Ол жерде санаулы минуттың ішінде картаны алуға мүмкіндік бар», – деп хабарлайды CTS компаниясынан.

Баланың атаулы көлік картасын ата-анасы елордадағы Қошқарбаев көшесі, 50/1 мекен-жайында орналасқан орталық кассадан ала алады. Қажетті құжаттар: ата-анасының жеке куәлігі және атаулы көлік картасы. Жеке куәлік алған жасөспірімдер өздері алады.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.