Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ІХ республикалық Құран жарысы өтеді

0 175

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

10 маусым. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 27-28 шілде күндері Алматы қаласында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ІХ республикалық Құран жарысы өтеді, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша ұйымдастырылады.

Құран жарысына қатысушыларға қойылатын талаптар:

– Құранды жатқа айтуына, тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;
– үміткер өз облысында өткізілетін алдын ала іріктеу сайысында 1-орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады;
– толық Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек;
– үміткер ҚР ер азаматы болуы керек;
– үміткердің 30 жастан аспаған болуы керек;
– үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады.

Сондай-ақ, іріктеу сайысына үміткерлер қазақы киім үлгісінде ғана қатыса алады.

Қажетті құжаттар: «Үміткердің анкетасы», «Жеке куәлік көшірмесі», «Іріктеу сайысының сертификат көшірмесі» мен «Бас имамның ұсыныс хаты».

Жоғарыда аталған құжаттар үміткерден 2020 жылдың 17 шілдеге дейін respquranjaris@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге автокөлік пен қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің» деп айтқанындай, баршаңызды қайырлы іске атсалысып, Алланың разылығын алуға шақырамыз.

Қосымша ақпарат үшін: +7 702 758 38 58 – Серік қари Болатханұлы.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.