Гана астанасы Аккра қаласында Батыс Африкадағы екінші үлкен мешітке айналған жаңа мешіт пайдалануға берілді,- деп хабарлайды «sunna.kz» сайты «IslamNews» агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Сыйымдылығы 15 мың адам арналған мешіт Түркия бюджетінің қаражатына салынған. Кешен құрылысына 10 миллион доллар жұмсалған. Кешенде 4 мұнара, мектеп, емхана, кітапхана, мәйітті жуындыру бөлмесі және имамдарға арналған пәтерлер бар.
Мешіт қасиетті Құран аяттары бар каллиграфиялық жазулармен, сырты мәрмәр элементтерімен және негізгі күмбез айналасындағы күмбездер каскадымен безендірілген.
sunna.kz