Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Өмірдегі 4 жұмбақ

0 403

Балаби қартайған шағында халқын жинап алып:

–Жерден ауыр не?

Судан терең не?

Оттан ыстық не?

Көктен биік не? , – деп төрт сұрақ қойыпты. Ешкім шеше алмаған екен.

Әрі-бері күтіп, тұшындырар жауап болмаған соң ақыры Балаби өзі айтқан жұмбағын өзі шепті дейді. Сондағы әйгілі бидің айтқан жауабы мынау екен:

Жерден ауыр дегенім ақыл, білім,

Судан терең дегенім оқу, ғылым.

Оттан ыстық дегенім пәни жалған, адамның өмірі,

Көктен биік дегенім тәкаппардың көңілі.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.