Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ысырап жасамау – сауапты құлшылық

0 899

Ислам шариғатындағы Құран құндылықтарымен бекітілген әрбір құндылықтың қоғамның әрбір саласында өз жемісін беретін құндықтар. Кейбір тыйымдардың ададардың жеке өмірі мен әлеуметтік қоғам үшін аса зәру болған өмір сүрудің дұрыс нормалары екенін байқаймыз.

Ата дінімізде экономикалық мәселелерді реттеудің өзіндік институты ұсынылған. Солардың қатарында зекет, садақа сияқты әлеуметтік жауапкершілікті арттыратын институттармен қатар, үнемшілдік, сырап жасамау, шектен шықпау сияқты қағидаттар да бар. Айталық, азаматтардың ысырап жасамауы үшін Құран Кәрімде «Ағраф» сүресі, 31-аятында мынандай норма ұсынылады:

كُلُواْ وَاشْرَبُواْ وَلاَ تُسْرِفُواْ إِنَّهُ لاَ يُحِبُّ الْمُسْرِفِينَ

«Ішіңдер, жеңдер, бірақ ысырап қылмаңдар. Шындығында, Алла Тағала ысырап қылушыларды сүймейді».

Шындығында аяттың алғашқы бөлігінде айтылған мәселенің ғылыми тұрғыда да дұрыстығы бүгінгі медицинамен дәлелденіп отыр. Алайда, аталмыш аяттағы белгіленген ысырап жасамау мәселесі тек тамаққа қатысты емес, әрбір нығметке байланысты болмақ. Соның бірі қаржылық мәселе.

«Тарта жесең тай қалады, қорқа жесең қой қалады, қорықпай жесең не қалады?» дейді бабаларымыз. Бүгінде кейбір азаматтар өз мүмкіндігіне қарамай жоғары бағалы смартфон, бренд киімдер мен аста-ток тұрмысқа әуестенентінін байқаймыз. Сол мақсатына жету үшін орынсыз қарызданып, жылдап қарызын өтеп жүргенін де көруге болады. Әрине, жақсы киіну, өзіне лайықты түрде жақсы тұрмыс кешіруді Ислам дінінде де дәріптеледі. Бірақ, бабаларымыз айтатын «көрпеге қарап көсілуді» естен шығармау, ысырапшылдық жасамау шарты астында.

Шындығында ысырапшылдық отбасылық экономиканы құлдырататын, адамды кедейлікке ұшырататын нашар әдет. Экономикалық

Құран Кәрімде «Фурқан» сүресі, 67-аятында:

وَالَّذِينَ إِذَا أَنْفَقُوا لَمْ يُسْرِفُوا وَلَمْ يَقْتُرُوا وَكَانَ بَيْنَ ذَلِكَ قَوَامًا

«Олар мал сарып қылғанда, ысырап та қылмайды, сараңдық та істемейді, ортасын ұстанады» деп орташа болудың мақтаулы, ізгі амал екенін айтса, келесі «Исра» сүресі, 26-27 аяттарында:

وَآتِ ذَا الْقُرْبَى حَقَّهُ وَالْمِسْكِينَ وَابْنَ السَّبِيلِ وَلاَ تُبَذِّرْ تَبْذِيرًا *إِنَّ الْمُبَذِّرِينَ كَانُواْ إِخْوَانَ الشَّيَاطِينِ وَكَانَ الشَّيْطَانُ لِرَبِّهِ كَفُورًا

«Туысы жақындарға, міскіндерге, жолда қалғандарға міндетті түрде қарайласыңдар. Әрі мүлде ысырап қылмаңдар. Шынында ысырапқорлар шайтанның туысы. Ал шайтан, Раббысына өте қарсы» деп ескертеді.

Бүгінде бәсекеге бой ұрып, кредитке бағалы киім алып, қарыданып атса-төк той жасап кейіннен соны қиналып қайтарып жүрген отбасыларды байқап қаламыз. Бұл да Құран құндылықтарын ескермеудің, ысырапшылдық жасаудың зардабы.

«Отан отбасынан басталады» дейді халқымыз. Отбасында ысырыпшылдықтың болу-болмауы ел экономикасының да өсуі мен құлдырауына өзіндік әсері тигізетін фактордың бірі екені ақиқат.

Алланың ақырғы Елшісі (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болғай!): «Үнемдеу – пайғамбарлықтың жиырмадан бірі», – деген (Әбу Дәуіт). Олай болса, ысырапқа бой алдырмай, үнемшілдік жасау – әрбір мұсылман үшін сүннет амал, сауапты құлшылық болса, қастерлі Отан үшін де қосылған үлес, экономикалық ізгі қадам болары анық.

Руслан Байзақов

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.