Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Шәкәрім Құдайберді: Өзімшілдік

0 1  063

Бір байдың қызына шешек шығып, бетін тыртық қылғандықтан ешкім алмай, аяғында екі көзіне ақ түскен бір соқырға беріпті.

Сол кезде Үндістан жағынан көздің ағын сылып жазатын бір дәрігер келгенін естіп, әлгі байдың бір досы байға келіп:

– Сондай дәрігер келіпті. Күйеуіңіздің көзін неге қаратпайсыз? – десе, бай айтыпты:

– Күйеуімнің көзі ашылған соң қызымның бетіндегі тыртығын көріп, шығарып жібереді ғой. Қызым байдан шыққаннан да күйеуім соқыр қалпында қалғаны артық, – депті. Сонда досы:

– Күйеуінің көзін аямаған кісі досының көңілін аяй ма? Енді достықтан айырылайық, – депті.

Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары ІІ томынан.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.