Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Адамдардың ең ғалымы кім?

Адамдардың ең ғалымы кім?

0 233

Саъид ибн Жұбайр (р.а.) Абдулла ибн Аббасқа (р.а.): «Науфал Бакалий: «(Қызырмен жолыққан) Мұса Бәний Исраил Пайғамбары емес, бәлкім, басқа Мұса болған деп айтып жатыр»,- дегенде, Абдулла ибн Аббас (р.а.): «Жалған айтыпты, ол – Алланың дұшпаны екен»,- депті. Убай ибн Кағб (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) былай деп риуаят етті: «Мұса ғ.с. Бәний Исраил қауымына уағыз айтып тұрған еді. «Адамдардың ең ғалымы кім?»,- деп сұрасты. Сонда Мұса (ғ.с.): «Мен бәрінен де білгірмін »,- деді. «Алла Тағала біледі»,- деп айтпағаны үшін Алла Тағала ол кісіге ескерту беріп: «Екі теңіздің қосылатын жерінде бір пендем бар, ол сенен гөрі артығырақ біледі»,- деген уәхиді нәзіл етті.

Мұса (ғ.с.): «О, Раббым, ол кісімен қалай жолығамын?»,- деді. Алла Тағала: «Бір себетке балықты салып ал да, жолға шық, балықты қай жерде жоғалтсаң, Қызыр (ғ.с.) сол жерде болар»,- деді. Мұса (ғ.с.) Юшағ деген қызметшісімен себетке балықты салып алып, жолға шықты. Үлкен қой тастың жанына келгенде, себетті жерге қойып ұйқыға кетті. Балық себеттен сырғып түсіп, теңізге жүзе жөнеліпті.

Хазіреті Мұса мен (ғ.с.) қызметшісі екеуі таңғалысты, (өйткені себеттегі балық өлі болатын). Одан кейін олар жолға шығып, түннің қалған бөлігіне қоса күні бойы жол жүрді. Ертеңіне таң атқан соң, Мұса ғ.с. қызметші балаға: «Екеуі судан өтеді. «Азығымызды әкелші, осы сапарымызда шаршадық»,- деді. Мұса (ғ.с.) бұйырылған жерге жеткенше шаршаған жоқ, қызметші бала: «Қара басқанын қараңызшы, қой тастың жанында демалғанымызда балық есімнен шығып кетіпті)»,- деді. Сонда Мұса (ғ.с.): «Міне, іздегеніміз осы»,- деп, екеуі ізінше қайта қайтты. Ол жерге жеткенде, киімін жамылып жатқан кісіні көріп, Мұса ғ.с. оған сәлем берді.

Сонда Қызыр (ғ.с.): «Сенің елінде бұлай сәлем беруді қайдан біледі?»,- деп сұрады.. Мұса (ғ.с.): «Мен Мұсамын ғ.с.»,- деді. Қызыр (ғ.с.): «Бәний Исрайлдың Мұсасы ма?»,- деді. Мұса ғ.с.: «Ол кісіге, саған үйретілген даналықтан маған да үйретуің үшін саған ерейін бе?»,- деді. Қызыр (ғ.с.): «Расында, сен менімен бірге болуға шыдай алмайсың»,- деді. Мұса (ғ.с.): «Алла Тағаланың саған үйреткен ілімі маған белгісіз. Ал маған үйреткен ілімі болса, саған белгісіз. «Алла қаласа, мені сабырлы табарсың. Сондай-ақ саған ешбір істе қарсы келмеймін»,- деді. («әл-Кәһф», 69 аят).

Содан соң екеуі теңізді жағалап жүріп кетті. Кемелері болмағандықтан өтіп бара жатқан кемедегілерге өздерімен бірге алып кетулерін өтінді. Олар Қызырды (ғ.с.) танып, оларды ешқандай ақы-пұлсыз кемеге отырғызып алып кетті. Кеменің шетіне бір шымшық келіп қонып, бір екі шоқып су ішті. Қызыр (ғ.с). Мұсаға (ғ.с.): «Сені мен мен білген ілім шымшық теңіздегі суды шоқып ішіп азайта алмаған сияқты нәрсе, Алла Тағаланың ілімі еш кемімейді». Содан соң Қызыр (ғ.с.) кемені тесіп тастады. Сол кезде Мұса (ғ.с.): «Бізді ешқандай ақы-пұлсыз алып кеткендердің кемесін әдейі тесіп, адамдар суға батсын дегенің бе?»,- деді. Сонда Қызыр ғ.с.: «Мен саған менімен бірге әсте сабыр ете алмайсың демедім бе?»,- деді («әл-Кәһф», 72 аят).

Сонда Мұса ғ.с.: «Ұмытқан нәрсемді есепке алма»,- деді. («әл-Кәһф», 73 аят). Содан екеуі ары қарай жүрді. Бір жерге келгенде Қызыр (ғ.с.) ойнап отырған балалардың ішіндегі бір ұл баланың басын қолымен ұстап жұлып тастады.

Сонда Мұса (ғ.с.): «Адам өлтірмеген бейкүнә бір жанды өлтіріп тастадың»,- деді. Қызыр (ғ.с.): «Менімен бірге жүруге төзімділігін жетпейді деп айтпап па едім?»,- деді. Екеуі тағы да бірге жүріп, бір ауылға жетті. Әркімнен тамақ сұрап еді, олар қонақжайлық көрсете қоймады. Кезіп жүріп бір құлағалы тұрған ескі үйге жолықты. Қызыр ғ.с. ол үйді жөндеп қойды. Сонда Мұса (ғ.с.): «Егерде қаласаң, сенің бұған ақы сұрауға хақын бар»,- деді. Сол кезде Қызыр (ғ.с.): «Сен екеуміздің айрылысатын сәтіміз осы»,- деді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Алла тағала Мұсаға (ғ.с.) рахмет етсін, егерде сәл сабырлық еткенде (неше түрлі ғажайып нәрселерді көрер еді). Екеуінің арасында болған істерден біз көбірек білген болар едік»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.