Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің хакім Абай жайындағы ой толғаныстары көптің көңілінен шығып, қоғамда қызу талқыға себеп болуда.
Аталған мерейтойдың қазақ ғылымы үшін берері зор болмақ. Осыған дейін де зерттеліп-зерделенген Абайтану ғылымы тағы бір белеске көтеріледі деп сенеміз. Президент мақаласы осындай биік тұрғыны нұсқайды.
Шын мәнінде, қазақ руханияты үшін Абайтану ғылымы айрықша мәнге ие. Халқымыздың руханиятының өркендеуі, қоғамның ізгілікке бет алуы, азаматтардың жан-жақты білімді болуы үшін аталмыш ғылымның берері зор. Өйткені, Абай – біздің рухани темірқазығымыз.
Діни тұрғыда Абай мұраларын зерттеу, ұстанымдарын ашықтап, халыққа насихаттау ісі қоғамда белең алған жат діни ағымдардың алдын алу жұмысында таптырмас құрал, рухани имунитет болары сөзсіз. Бүгінгі таңдағы қазақ қоғамы үшін төл дүниетанымымыздың тарихи тәжірибесі және сан ғасырлық бабалар танымының жемісі.
Бауыржан Есмахан
“Сәдуақас қажы Ғылмани” мешітінің Бас имамы