Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Асыл тастан ақыл жастан

0 7  046

Ақылды адамның қиялы бай, ойы жүйрік, ұшқыр болады. Ондай адамды халық ерекше қастерлеген. «Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады» деген халық мақалы балаларының жастайынан ақылды болуын армандаған халық тілегінен туған.

Көп оқып, ерінбей еңбек еткен, үлкеннің тілін алған, көптің ақылын тыңдаған бала ойы ұшқыр, дана болады. Жастайынан білімге құштар қылып өсірген бала болашақта да үлкен жетістіктерге жетеді, ата – ана үмітін ақтайды. Яғни, барлығымыз туа сала бәрін біліп тумаймыз, алайда үйреніп, оқып – білеміз, сол сияқты асыл тастар да табиғатта саф (таза) күйінде кездеспейді, әуелі олар тас болып, зергердің қолына түсіп, өңдеуден өтіп барып асыл құнды асыл затқа айналады

 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Бұлақ көзі) «Шығады асыл – тастан, өнер – жастан, Тәрбие тәуір болса әуел бастан» дегендей Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қос райханы мына оқиғасына дөп келеді .

Хазреті Хасан мен хазреті Хусейн бір күні шөл далада кетіп бара жатқан еді.

Бір қарт кісіге кезігіп, оның дәрет алып жатқанын көрді. Бірақ ол кісі дәретін дұрыс алмай, шарттарын орындамаған еді. Жасы үлкен, қария болғандықтан «Дәретіңіз дұрыс емес» деп те айта алмады. Сөйтіп қасына барып, әдеппен «Ассаламу алайкуммен» деп сөз бастап әнгімеге тартады .

– Құрметті ақсақал! Біз дәретті жақсылап алуда бір-бірімізбен жарысып қалдық. Біз дәрет алайық, ал сіз бізге қайбіріміздің дәрет алғанымыз дұрыс екенін айтасыз ба? – дейді.

Алдымен хазреті Хасан, кейін хазреті Хусейн жақсылап дәрет алды. Қария мұқият қарап тұрды. Кейін оларға:

– Балаларым! Дұрыстап дәрет алуды қазір сендерден үйрендім, – депті.

Әкесі хазреті Али, анасы хазреті Фамита, атасы екі әлем сардары адамзаттың асыл тәжісі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үлгі өнегесі.

Баланың балалығына әкенің даналығы бар деп қазақ қысқа нұсқа айта білген.

Рахматулла Байменов

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.