Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ардақты Алаш көсемі кім болған?

0 697

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866 – 1937) Алты алаштың ардағы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 1866 жылы 25 наурыз айында бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген.

Қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы, Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата тегі: Бөкей – Батыр – Мырзатай – Нұрмұхамед – Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен баласын әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-86 жылы Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқыды.

1886-90 жылы Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-94 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқыды. Әлихан Бөкнйхан Ресей жандармерия басқармасының назарына ілігіп, «саяси сенімсіздердің қара тізіміне алынды». Омбыдағы орман училищесіне математика пәнінен оқытушы болып орналасты. Социалистік бағыттағы «Степной край» газетінің редакция алқасы құрамына енді.

1896-1903 жылдары Щербина экспедиция жұмысына қатысты. Ол қазақ даласын отарлау саясатына білек сыбана кіріскен патша өқіметімен күрес жүргізу үшін, қазақ жұртының басын біріктіруді, орыс қоғамының ішінде ресми билікке қарсы тұрған саяси күштерге сүйенуді алға тартты.

Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 жылы Ресей империясының елордасы Санкт-Петербургке барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны 18 екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.

Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейхан Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады.

«Народная свобода» (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп-жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.

1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.

1905 жылы Әлихан Бөкейхан Семей облысы қазақтарының атынан 1- ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені, Ә. Бөкейхан өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз 3 ай Павлодар абақтысында отырды.

Абақтыдан шығып Санкт-Петербургке жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кездегі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Н. Бөкейхан да солардың артынан аттанып, Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербург сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды.

1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омичъ» және «Иртышъ» газеттерінде; 1908 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген меньшевиктік «Товарищъ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды.

1909-17 жж. «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді. 1911-14 «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.

20 ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім[1]тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық 19 танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді.

Бар күш-қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылып, онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды.

1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.

Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды.

Ә. Бөкейханның Жаза кесімі Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады.

Осында болашақ Сібір республикасының құрамынд а Қазақ автономиясы құрылмақ болады.

Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында Екінші жалпықазақ съезі Алаш автономиясы жарияланып, Ә. Бөкейхан сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.

Ә. Бөкейханның қуғын-сүргін кезеңінен 2 жыл алдындағы мен ату жазасының күніндегісі.

1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейхан қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады.

Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейхан Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі. 1989 жылы 14 мамырда КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан ақталды.

Әлихан Бөкейхановтың күлі көмілген Дон шіркеуіндегі бауырластар зираты.

Мерзімді басылымдардағы жарияланымдар:

1.Тоқтарбай, Е. Тәлкекті тағдыр [Мәтін] : [профессор Зейнеп Әлиханқызы Бөкейханованың ашқан ғылыми жаңалығы] / Е. Тоқтарбай // Қазақ. – 2017. – 6-27 қаңтар. – Б. 12.

2.Әлихан Бөкейханның Ахмет Байтұрсынұлына жазған хаты [Мәтін] : [ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан туралы деректер] // Парасат. – 2016. – № 9. – Б. 1-2. 77. Бәкір, Ә. Ұлт ұлы [Мәтін] : [алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов жайында] / Ә. Бәкір // Егемен Қазақстан. – 2016. – 5 наурыз. – Б. 9.

3.Әбдіжәлел, Б. Уәде үдесінен шыққан Ұлы тұлға [Мәтін] : [қоғам қайраткері Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов туралы] / Б. Әбдіжәлел // Қостанай таңы.- 2016. – 5 сәуір. – Б. 7.

4.Қамзабекұлы, Д. Әлихан Бөкейхан: “Тізе қосып отырған 5 миллион қазақ” [Мәтін] : [ұлт зиялыларының жауапкершілігі туралы] / Д. Қамзабекұлы // Егемен Қазақстан. – 2016. – 20 сәуір. – Б. 9.

5.Кемеңгер, Қ. Қошке Кемеңгерұлы мен Әлихан Бөкейхан [Мәтін] : [алаш арысы Әлихан Бөкейханов жайында] / Қ. Кемеңгер // Қостанай таңы. – 2016. – 27 сәуір. – Б. 6. 21

6.Кәрімхан, З. Әлихан Бөкейхан және бүгінгі тәуелсіздік [Мәтін] : [мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханов туралы] / З. Кәрімхан // Қазақ үні. – 2016 . – 31 қазан. – Б. 6.

7.Байділдин, Ш. Әлихан Бөкейханов соңғы рет Қасым қыстауында тұтқындалған [Мәтін] : [қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов туралы] / Ш. Байділдин // Арқалық хабары. – 2014. – 4 сәуір. – Б. 8.

8.Дулатбеков, Н. Алты Алаштың айбыны [Мәтін] : [ұлт көшбасшысы Әлихан Бөкейхан туралы] / Н. Дулатбеков // Қазақ. – 2014. – 15-19 тамыз. – Б. 5.

9.Аққұлұлы, С. Ұлт көсемі Әлихан неге шетелге кетпеді? [Мәтін] : [Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхан туралы] / С. Аққұлұлы // Мәдени мұра. – 2014. – № 1-2. – Б. 55-59.

10.Бөкейхан, Ә. Саяси көзқарас, халық азаттығы үшін күрес, алашорда үкіметі [Мәтін] : [Алашорда үкіметі, алаш қайраткерлері туралы ] / Бөкейхан Әлихан, Шоқаев Мұстафа // Айқап. – 2013. – № 1. – Б. 46-70.

11.Көктемұлы, К. Алаштың азаттық аңсаған ардақтысы [Мәтін] : [қоғам және мемлекет қайраткері қатарындағы аса көрнекті тұлға туралы] / К. Көктемұлы // Мөлдір бұлақ. – 2013. – № 1. – Б. 5.

12.Сұлтанов, Ө. Әлихан Бөкейхан және қазақтың экономика ғылымы [Мәтін] : [Алаш партиясының көсемі Әлихан Бөкейханов туралы] / Ө. Сұлтанов // Қазақ. – 2012. – 6-13 қаңтар. – Б. 4-5.

13.Жүнісұлы, О. Адамзаттың Әлиханы [Мәтін]: [қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов туралы] / О. Жүнісұлы // Қазақ. – 2012. – 26 қазан. – Б. 5.

14.Әлихан Бөкейхановтың туғанына 145 жыл [Мәтін] : [алаш арысы Әлихан Бөкейханов туралы] / Қазақстан ұлттық энциклопедиясынан алынған // Дәстүр. – 2011. – № 2. – Б. 4-5.

15.Жандәулетұлы, Н. Қазақтың Әлиханы [Мәтін] : [алаш қайраткері Ә. Бөкейханов туралы] / Н. Жандәулетұлы // Ана тілі. – 2011. – 10-16 наурыз. – Б. 1, 3.

16.Әлім, Қ. Міржақыптың ” мұңы” әлі де көп [Мәтін] : [алаш арысы Міржақып Дулатов туралы ] / Қ. Әлім // Түркістан. – 2010. – 9 қыркүйек. – Б. 4.

17.Сүлеймен, Е. “Тірі болсам… қазаққа қызмет қылмай қоймаймын” [Мәтін] : [алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов туралы] / Сүлеймен Е // Заң газеті.- 2010. – 1 желтоқсан. – Б. 8.

18.Аққұлұлы, С. Мұрағаттан табылған олжа [Мәтін] : [алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық – саяси қызметі туралы] / С. Аққұлұлы // Абай. – 2009. – № 6. – Б. 56-59.

19.Байділдин, Ш. Әлихан Бөкейханов әулеттері [Мәтін] : [алаш арыстары туралы] / Ш. Байділдин // Арқалық хабары. – 2008. – 30 мамыр. – Б. 5.

20.Кенемолдин, М. Әлихан Бөкейханов және Шығыс алашорда үкіметі [Мәтін] : [Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық – саяси қызметке араласуы] / М. Кенемолдин // Абай. – 2008. – № 1. – Б. 32-38.

21.Кенемолдин, М. Әлихан Бөкейхановтың Семейдегі жылдары [Мәтін] : [Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі туралы] / М. 22 Кенемолдин // Абай. – 2008. – № 4. – Б. 83-87.

22Төлепберген, Б. Алашқа айбын болған жастар еді [Мәтін] : [алаш арыстары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов туралы] / Төлепберген Б.; Болатбек Төлепберген // Қазақ әдебиеті. – 2008. – 23 желтоқсан. – Б. 10-11.

23.Сәрсекеев, Қ. Әлихан Бөкейханов пен Нығмет Нұрмақов [Мәтін] : [бір күнде атылған алаш арыстары туралы] / Қ. Сәрсекеев // Егемен Қазақстан. – 2008. – 24 желтоқсан. – Б. 4.

24.Әбдрахманова, Г. Ә. Бөкейханов – теңдік туын көтерген Алаш көсемі [Мәтін] : [қазақ халқының саяси көсемі Ә. Бөкейханов туралы ] / Г. Әбдрахманова // Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. – 2007. – № 8. – Б. 32-36.

25.Сәрсекеев, Қ. Әлекең [Мәтін]: [алаш арыстары Әлихан Бөкейханов туралы] / Қ. Сәрсекеев // Егемен Қазақстан. – 2007. – 6 сәуір. – Б. 5 б.

26.Алаштан патшалы Ресейдің мемлекеттік І Думасына сайланған депутат – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов [Мәтін] : [Алаш қозғалысының жетекшісі Ә. Бөкейханов туралы ] // Бала Би. – 2006. – № 7. – Б. 4.

27.Уақбаев, Ж. Әлихан ат шалдырған ауыл [Мәтін] : [алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың Қостанай жеріндегі, Тыныбек ауылында болуы] / Ж. Уақбаев // Жас өркен Қостанай. – 2006. – № 6. – Б. 22 – 25.

28.Сәрсекеев, Қ. Алаштың Әлиханы [Мәтін] : [алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханов туралы] / Қ. Сәрсекеев // Жұлдыз. – 2005. – № 12. – Б. 86-106.

29.Сәрсекеев, Қ. Бұл қай қазақ [Мәтін] : [алаш көсемі Әлихан Бөкейханов туралы] / Қ. Сәрсекеев // Жас Алаш. – 2005. – 8 желтоқсан. – Б. 5.

30.Сәрсекеев, Қ. Әлихан [Мәтін] : [ Әлихан Бөкейханов жайында] / Қ. Сәрсекеев // Жас өркен Қостанай. – 2004. – № 1 – Б. 4-6.

31.Смағұлов, Ж. Абай және Әлихан [Мәтін] : [Ә. Бөкейханов Абай өмірбаянын алғаш жазып зерттеуші] / Ж. Смағұлов // Парасат. – 2004. – № 4. – Б. 30-32.

32.Дәулетхан, Ә. Әлихан төре [Мәтін] : [1885-1976 және Шығыс Түркістандағы халық қозғалысы туралы] / Ә. Дәулетхан // Түркістан. – 2001. – 24 – 31 мамыр. – Б. 3.

33.Несіпбай, А. Алашорда көсемінің ұлы [Мәтін] : [алаш көсемі Әлихан Бөкейханның ұлы Сергей Бөкейханов жайында] / А. Несіпбай // Егемен Қазақстан. – 2000. – 31 мамыр. – Б. 16.

34.Аққұлыұлы, С. Әлихан Бөкейханов – аудармашы [Мәтін] : [жазушы Л.Н. Толстойдың «Қажымұрат» повесі қалай тәржімеленгендігі туралы] / С. Аққұлыұлы // Қазақ әдебиеті. – 1994. – 1 шілде. – Б. 12.

35.Әбішұлы, Қ. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан [Мәтін] : [алты алаштың ардағы Әлихан Бөкейхан жайында] / Қ. Әбішұлы // Ана тілі. – 16 шілде. – Б. 5

36.Алашқа айбын болған арыстар [Мәтін] : [Алаш арыстары жайында] // Торғай таңы – 1994 – 20 желтоқсан. – Б. 3.

«Азаттық аңсаған Алаш жолы» кітабынан

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.