Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Алланың ең сүйікті құлы бола тұра Алладан қорыққандығы соншалықты, кейде «Махшар күні қандай күйге түсер екенмін?» деп, Раббысынан қорқып, нұрлы көздерінен жас аққан кездері болған.
Абдулла ибн Масғуд (Алла оған разы болсын) айтады: Бір күні Алла елшісі (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) құзырында Ниса сүреснің: «(Әй Мұхаммед! Қиямет күнінде) Әрбір үмбетке өз ішінен бір куәгер (пайғамбар) және оларға (үмбетіңнің имансыз бұзықтарына) сені куәгер етсек олардың хәлі не болмақ?» – деген 41-аятын оқыған кезінде, Расулулланың көздерінен жас парлап қоя берген. Ала-сапыран дауыл соққанда қайғырып, қандай да бір маңызды жұмыс болса, дереу тастай сала құбылаға қарап «Ей, Раббым! Келуі ықтимал пәлекеттерден қорғанып, сені паналаймын» – дейтін де, күн ашылған кезде шүкіршілік етіп, мақтауын жаудыратын еді.
Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұнымен қатар : « Сендер мен білетінді білсеңдер, аз күліп, көп жылайтын едіңдер»,- деген. Алла баршамызға осындай дәрежеде құлшылықтың дәмін нәсіп етсін!
материал «Еліктеуге кім лайық?» кітабынан алынды,
sunna.kz