Нәпсінің кемшіліктерінің бірі, сен оны тұралатып, діңкесін құртпайынша жандандыра алмайсың. Яғни, нәпсінің дүниеге деген құмарлығын тежемейінше, ақыретке деген ынтызарлығын оята алмайсың. Тіпті өзің де (Алладан) өзгелерден қол үзбейінше, Аллаға толық беріле алмайсың. Әйгілі ғұлама Яхия ибн Мұғаз бұл жайында: «Кімде-кім нәпсісін титықтатып Аллаға жақындайтын болса, Алла оның нәпсісін (жамандық атаулыдан) сақтайды», деген.
Бұл нәпсіні құмарлықтардан тыйып, қиындықтарға салумен келеді. Алланың пайғамбары (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Жәннат – қиындықтармен қоршалған, тозақ әуестік-құмарлықтармен безендірілген», – деген.
Бұл кемшіліктен арылудың жолы:
Аз ұйықтау (яғни түнді құлшылықпен өткізу).
Аштық пен шөл (яғни көп ораза ұстау).
Һәм нәпсісіне, һәм табиғатына ұнамайтын істерді жасау.
Нәпсісін алуан түрлі әуестік-құмарлықтардан аулақ ұстау.
Мен Мұхаммед ибн Ибраһим ибн Фадлдың аузынан, ол Мұхаммед ибн Румиден, ол Яхия ибн Мұғаздың (Алла оны рақымына бөлесін): «Аштық – Алла Тағаланың шыншыл құлдарын қуаттай түсетін асы», – деп айтқанын естіген едім.
материал «Нәпсі дертінің дауасы» кітабынан алынды,
sunna.kz