Сәлам ибн Ақуа әл-Әслами (р.а) былай дейді: «Пайғамбарымыздың (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болғай!) «Сүбхәнә Раббиал-Алиил-Ағлал-Уәһһаб» - деп айтпай тұрып, дұға еткенін естіген емеспін».
Язид ибн Әсам әнгімелейді: «Шам шаһарында күнкөрісі төмен бір кісі бар еді. Анда-санда Омарға (р.а) соғып кетіп жүретін. Бірде ұзақ уақыт қарасын көрсетпей қойды.
Әрбір іс-амалдарымызда бізге ерекше өнеге, үлгі болатын жан – Алланың Елшісі (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!). Жұбайлық қарым-қатынаста да Ол (Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) үлкен үлгі болды.
Құлшылық – Жаратушы иемізге шүкіршілікті, адал мойынсұнушылығымызды, Оған деген сүйіспеншілігімізді көрсететін іс-әрекет. Намаз, ораза, зекет, қажылық секілді құлшылық іс-амалдардың жеке адамнан бастап қоғамдық пайдалары шаш етектен.