Take a fresh look at your lifestyle.

ҚАРАҢҒЫДА ЖҮГІРГЕН БАЛА

0 136

Хазреті Омар (р.а.) халифалығы дәуірінде таң намазна бару үшін саухур уақтында мешітке қарай бет алды. Таң бозымен қараңғы жолда сүрініп қалмайын деп баяу адымдап жүріп бара жатқанында жанынан зуылдап жүгіріп бара жатқан сегіз-тоғыз жасар баланы байқап қалады. Жас баланың артынан илсам әлемінің халифасы да  жүгіріп, жас балаға әзер жетеді де қолынан ұстап, қараңғы түнде қайда бара жатқанын сұрайды.

– Балам, бұл уақытта қайда жүгіріп барасың, түннің ортасында кішкентай бала далада жүруші ме деді, – деді Омар халифа. Жас бала ентігін басалмай:

– Мен намазға бара жатырмын. Баруға болмай ма?, – деді жас бала.

– Сен әлі кішкентайсың ғой, саған әлі намаз парыз болатын жаста емессің. Сонша асығып барасың, – деді Омар халифа. Жас бала болса да жауабы халифаны таң қалдырды.

– Кеше көршіміздің мен қатар баласы қайтыс болды, Әзрейіл қай уақытта келетінін білмейміз  ғой, мен қалай өзімді жайбырақат сезінемін. Қазір мүмкіндігім  бар кезде Аллаға құлшылық жасап үлгеріп қалуым керек. Ахиретке азығымды жинап қалайын, – дейді…

SUNNA.KZ

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.