Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Астанада жаңа мешіттің құрылысы аяқталуға жақын

0 599

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Таяу күндері елордада тағы бір жаңа мешіт есігін айқара ашпақ. Биіктігі 40 метр болатын қос мұнарасы бар ғибадат үйінің сырты толықтай ақ мәрмәрмен көмкерілгендіктен, оған «Aqmeshit» атауы беріліпті.

Бас қаланың Мұстафин көшесінде бой көтерген мешіттің жалпы ауданы – 2800 шаршы метр болса, 75 орынға лайықталған медресе аумағы – 2500 шаршы метр. Медреседе дәрістер өтетін 9 аудитория, ұстаздар мен шәкірттерге арналған 28 бөлме бар. Сондай-ақ, медреседе кітапхана, жаттығу залы, үлкен асхана, медициналық бөлме, шаштараз бен киім тазалау орны қызмет көрсетеді. Ал, 450 адам бір мезетте еркін құлшылық жасай алатын мешітте Жұма, Айт, Қадір түні секілді жамағат көп жиналатын күндері 800 адамға дейін сыйып кетеді деп жоспарланып отыр.

Құрылысы былтырғы жылдың күзінде басталып, жұмысына 180 адам атсалысқан медресе еліміздегі іргелі діни оқу ордаларының бірі болмақ.

Елорда Инфо  

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.