Халық арасында «жігіттің төресі өзінің нәпсісіне ие болып, иманын сақтай білгені» деген ұстаным болды. Шал ақын ердің ері ғана иманын сақтап, нәпсісіне ерік бермейтінін ескертеді:
Иман – қой, ақыл – қойшы, нәпсі – бөрі,
Бөріге қой алдырмас ердің ері.
Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,
Жоламас ешбір пәле шайтан-пері.
Мұндай ұстанымдар дін тағылымында айтылған мұсылманға тән қасиеттерді аша түседі.
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Күшті адам күресте жеңген емес, шын мәніндегі күшті ашу кезінде өзін-өзі билей алған адам», – деген. Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.
материал «Дін мен дәстүр» кітабынан алынды,
sunna.kz