Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Дүниелік істердегі ысырап мәселесі

Дүниелік істердегі ысырап мәселесі

0 144

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мұсылман болған һәм өзіне жететіндей ризық-несібесі бар және Алланың берген ризық-несібесін Алланың қалауымен қанағат тұтқан адам сөзсіз жетістікке жетеді», – деп айтты» – делінген (Муслим, зәкәт 125).

«Олардан (яғни, Алланың салиқалы құлдарынан) кейін намаз оқымайтын, нәпсіге берілген нашар ұрпақ келді. Олар (қиямет күні) міндетті түрде азғындықтың жазасын тартады. Ал (олардың ішінен) тәубе етіп, ізгі амал жасағандардың жөні бөлек. Олар жұмаққа кіреді және ешбір әділетсіздікке ұшырамайды» («Мәриям» сүресі, 59-60-аяттар).

«Бір күні) Қарун халқының алдына жарқырап, бар сән-салтанатымен шыққан еді. Сонда қызылды-жасылды дүние тіршілігін жан-тәнімен қалайтындар: «Шіркін, Қарунға біткен байлық бізге де бітсеші. Ол не деген көл-көсір байлық иесі!» – десті. Сол кезде көзі ашық, көкірегі сара жандар: «Сендер өзі не айтып тұрсыңдар?! Алланың иман келтіріп, ізгі амал жасағандарға беретін сауабы (Қарунның дәулетінен) әлдеқайда қайырлы. Оған тек сабырлылар ғана жетеді», – деп айтты» («Қасас» сүресі, 79-80-аяттар).

«Кімде-кім осы дүниенің қызығын көруді ғана қаласа, онда біз қалағанымызша қалаған пендемізге осы дүниенің қызығын нәсіп етеміз. Алайда, содан кейін тозақты оның (о дүниедегі) мекені қыламыз. Ол тозаққа қор болып әрі Алланың рақымынан құр қалған күйде кіретін болады» («Исра» сүресі, 18-аят).

«Кейін сол (қиямет) күні өздеріңе берілген нығметтер үшін сұраласыңдар» («Тәкәсур» сүресі, 8-аят).

Айша анамыз (р.а.): «Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) о дүниелік болғанға дейін оның отбасы екі күн бойы арпа нанына да жарыған жоқ-ты», – деп айтты (Бұхари, әйман 22; Муслим, зүһд 22).

Әбу Һурайра (р.а.): «Мен Суффа тұрғындарынан жетпіс адамның көзін көрдім. Олардың бірде-біреуінің бүкіл денесін жауып тұратын шапаны жоқ-тын. Бар лыпасы жалғыз дамбал немесе бір ұшын мойынына байлап алатын жалғыз көйлекгі болатын. Кейбіреуінің көйлегінің етегі балтырына ғана жетсе (тізеден сәл ғана асса), кейбіреуінікі тобыққа дейін түсіп тұратын. Әуретіміз ашылып қалмаса екен деп, етегін қолдарымен қымтап, жіті қадағалап жүретін еді», – деген (Бұхари, саләт 58).

материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.