Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мінсіз бір жар іздеу

Мінсіз бір жар іздеу

0 74

Өмір бойы үйленбеген бір қарт болыпты. Тоқсан жасына келіп өлім төсегінде жатқан әлгіден көңілін сұрай келген бір жас жігіт сыр суыртпақтап:

– Өмір бойы үйленбедіңіз. Үйленбеуіңіздің себебін де еш айтпадыңыз. Міне, өмірден де өтіп барасыз. Қандай да бір сыры бар болса, ішіңзде кетпесін, айтып кетіңіз, біз де біліп қалайық. Сырыңыз жария болады деп уайымдасаңыз, енді оның сізге зияны да бола қоймас, – депті.

Сонда қарт:

– Иә, оның бір сыры бар. Мен үйленуге еш қарсы емеспін… Тек… өзіме бір мінсіз жар іздеуде едім. Іздедім, іздедім… сөйтіп жүргенімде өмірімнің соңына қалай келіп қойғанымды да білмей қалыппын.

– Сонда жартысына жуығы әйел заты болған мына алып әлемде бір мінсіз әйел таппағаныңыз қалай? – деп сұрапты әлгі жігіт таңғала.

Әлгі жерде төсек тартып жатқан қарт көздері жасқа тола:

– Таптым… Таптым… – дейді.

– Енді… Енді? Неге үйленбедіңіз ол мінсіз әйелге? – деді таңғалысы одан сайын арта түсіп әлгі жігіттің.

Сонда қарт:

– СӨЙТСЕМ, ОЛ ДА ӨЗІНЕ МІНСІЗ БІР ЖАР ІЗДЕП ЖҮР ЕКЕН… – депті.

***

Анда-санда өзгеден талап еткеніміз өзімізден де табыла ма екен, соған да бір мән беріп қояйықшы…

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.