Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Құрандағы мәңгі құндылықтар

0 10  298

Өткенге көз салсақ, әу баста мәңгілік шырақтай жарқ етіп, артынша ғасыр қойнауының тереңіне батқан қаншама  идеялар  көреміз.  Өйткені,  фәни  пенденің ой-пікірлері  де  фәни  болмақ.

Алайда  Құран  мұндай фәниліктен  мүлдем  ада.  Керісінше,  заман  қартайған сайын  ол  жаңарып,  жасаруда.  Оның  бұдан  он  төрт ғасыр бұрын қойған ұстанымдары әлі күнге дейін құнын жоғалтқан емес. Мінеки, Құранның мәңгілік ұстаным-дарынан бірнеше мысал:

«Жетімдердің мал-мүліктерін беріңдер.  Жаманды  жақсымен  алмастырмаңдар. Олардың  мал-мүліктерін  өз  мал-мүліктеріңе  қосып жемеңдер. Ол сөзсіз үлкен қылмыс» (Ниса, 4:2), «Негізінен Аллаһ сендерге аманаттарды өз лайықты ор-нына тапсыруларыңды және адамдар арасында билік еткенде әділдікпен үкім берулеріңді әмір етеді» (Ниса, 4:58) деген аяттарда жетімдердің ақысын жемеу, аманат пен міндеттердің лайықтыларға берілу, әр нәрсеге әділдікпен  үкім  берілу  ұстанымы, «Негізінде  Алла әділеттілік  пен  игілік-жақсылықты  және  ағайын-туысқа қарасып, жәрдем етуді әмір етуде. Және де арсыздыққа,  жамандық  жасауға  һәм  азғындыққа тыйым салуда. Сөздерінде тұрар, ойланар деп Ол сендерге насихат беруде» (Нахыл, 16:90), «Алланың қол астына  алынған  елден  Елшісіне берілген  олжалары Аллаһқа, Елшісіне, жақындарына, жетімдерге,  ке-дейлерге  және жолда қалғандарға тиесілі нәрсе. Олар байлар арасында айналған мал-мүлік болмауы керек»(Хашыр, 59:7) аятында байлық пен мал-мүліктің тек қана байлардың қолында болмау ұстанымы, «Кімде-кім кісі өлтірмеген яки жер бетінде лаңкестік жасамаған жазықсыз біреуді өлтірсе, ол адам барлық адамзатты өлтіргенмен бірдей және кімде-кім бір адамды тіріл-тсе, ол күллі адамзатты тірілткенмен бірдей» (Маида, 5:32) аятындағы ұстанымдар мәңгілік жасайтын мызғымас негізгі қағидалар.

Бұлар заманның барлық ағымына  бірдей  қажетті  тірек-негіздер.  Сол  сияқты да жеке тұлға, отбасы, қоғамды ашкөз ететін пайыз, құмарлық ойындары, ішімдік пен зинақорлық, жалған, жала,  ысырапшылдыққа  тыйым  салынуы,  адамды «толық  адам»  шыңына  жеткізу,  бұл  дүниенің  өзінде жәннатқа ұқсас рахат өмір сүруі үшін намаз, ораза, зекет, қажылық т.б. ғибадаттар сонымен қатар ең жақсы, ең көркем мінез қағидалары, Ұлы Жаратушыға деген сүйіспеншілікке  ынталандыру,  жеке  тұлға,  отбасы, қоғамның бақыттылығы үшін қойылған идеал өлшем Жаратушы  Жаппар  Иенің  сөзі  екендігіне  бұлтартпас дәлел, айнымас айғақ емес пе?

«Мәңгі мұғжиза» кітабынан алынды.

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.