Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ілім мына үш нәрсені қажет етеді

Ілім мына үш нәрсені қажет етеді

0 111

Кітапқа құрмет көрсету арқылы ілімнің берекетін арттыруға болады.

 

Әлдебір ғалым: «Ілімнің берекетіне оқу құралдарына құрмет көрсету арқылы қол жеткіздім, тіпті дәретсіз күйде бір параққа да қол ұшымды тигізбедім», – деген. Бұдан басқа құрметтің тағы бір көрінісін Әбдул Кәрим әл-Ханафидің өмірінен келтірілген хабардан байқаймыз. Ол кісі Алланың атын жазуға бөлек қалам арнап, сол қаламмен Алланың атынан басқа ешнәрсе жазбайтын.

Кітап тұратын бөлмесіне ілімге құрмет көрсетіп, ұйықтау былай тұрсын жәй тынығу үшінде жатпаған екен.

Абдул Фаттах Әбу Ғудда (Алла оған рақым етсін): «Менің ұстазым былай дейтін»: «Ілім мына үш нәрсені қажет етеді: Харунның байлығын, Нұх пайғамбардың ұзақ ғұмырын және Аюб пайғамбардың сабырлығын». «Мен бұған төртіншісін қосар едім. Ол патшаның сарайындай кең үй. Яғни кітаптарды сыйғызуға», – деген. Бір ғалым сіз кіммен доссыз деп сұралғанда, кітаптарын ишарат еткен екен. Сонда: жоқ адамдардан десе, осының, яғни кітаптың ішіндегілермен деген екен.

Кейбір ғалымдар егер оларды қонаққа шақырса кітап оқитын арнайы орын дайындауын шарт етеді екен. Абдул Хасан әл-Журжани (Алла оған рақым етсін) өзінің жан дүниесі мен өмірінде кітаптың алатын орны жайлы былай дейді: «Мен кітаппен ажырамас дос болғанға дейін өмірдің ләззатын сезінбедім. Маған ілімнен асқан қадірлі нәрсе жоқ. Одан басқа серікті де қажет етпеймін.

Шындығында, қорлық деген адамдармен жөн-жосықсыз, көп араласуда жатыр. Ендеше кітаппен дос болу арқылы өзгелерден рухани тұрғыда үстем түсіп, мәнді де мағыналы ғұмыр кеш!».

Ұлы ғалым Ахмад ибн Ханбалдан (Алла оған рақым етсін) шәкірттері хадис жазылған кітапты басқа жастануға рұқсат сұрағанда рұқсат бермей тек кітапты ұрлап кету қаупі болса ғана жастануға рұқсат еткені айтылады. Заманымыздың ғұламасы Мұхаммад Әууама медресе қабырғасында оқып жүрген кезіндегі бір оқиғасын баяндап былай дейді: «Бірде алдымнан ұстазым кездесіп, менің сол қолыма ұстаған кітапты оң қолыма ұстатып, «Аллаһым! Маған кітабымды оң жағымнан келтір», – деп дұға етті. Бұдан кітапты оң қолға ұстау әдебін түсінеміз.

Бір кісіге Әбу Аюб Сулейман Шазакуни есімді ғалым түсінде көрінеді. Сөйтіп әлгі кісі ғалымнан Алла тағала оған не істегін сұрайды. Сонда ғұлама өзінің күнәлі кешірілгенін айтады. Оған бір оқиға себепші болған екен. Онда ғұлама Исфахан қаласына жол тартып бара жатқанда жолда қатты жауын жауады. Өзімен бірге арқалаған кітаптары су болып қалмасы үшін оларды жауыннан қорғап таң атқанша құшақтап отырған екен. Міне кітапқа деген құрметі мен махаббат үшін Алла оның күнәсін кешірген.

материал «Не үшін оқу?» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.