Take a fresh look at your lifestyle.

Әйел жамағатына шеберлік сабағы өткізілді (ФОТО)

0 35

9 қаңтар.  Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Елордадағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде әйелдер жамағатына арналған шеберлік сабағы өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

«Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен өткен кездесуге белгілі визажист Жаннұр Төремұрат шақырылып, қыз-келіншектерге «Сұлулық – көңіл айнасы» атты шеберлік сабағын өткізді.

Әйел кісінің жары алдында көркем бейнеде болуын шариғатымыз да құп көреді. Ислам ғалымдары да әйелдердің күйеуі алдындағы міндеттерін былай деп атап көрсеткен: «Әйелдің күйеуі үшін әшекей тағып сәнденуіне және боянуына шек қойылмайды. Қайта бұл сауапты іс».

Жиын соңында Жаннұр ханымға «Алғыс хат» табысталып, діни кітаптар сыйға берілді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.