Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚАДІР ТҮНГЕ ДАЙЫНБЫЗ!

0 729

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде мың айдан қайырлы болған Қадір түніне орай, дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Елордадағы құлшылық ордаларының қарашаңырағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде қасиетті айлар мен күндерде, әсіресе Рамазан айында ауызашар мен сәресі беру жыл сайын жүйелі түрде атқарылып келеді. Рамазан ай бойы ауыз бекіткен мешіт жамағаты мен жолаушы азаматтарға дастарқан жайып ауыз аштыру, сәресі беру – дәстүрлі үрдіс болып қалыптасты. Бүгін мың айдан қайырлы болған Қадір түнінің құрметіне орай елорда жұртшылығына «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ауласында 5 мың жамағатқа арналған ауызашар дастарқаны жайылады.

Ауызашар аяқталған соң мешітімізде арнайы Қадір түніне арналған іс-шаралар бағдарламасы басталады. Яғни, Тарауық намазында Құран Хатым толық аяқталып, Бас имам Нұрлан Бекболатұлының қатысуымен Хатым дұғасы оқылады. Сондай-ақ Қадір түнінің қасиеті жайлы уағыз айтылады. Және мешітке жиналған жамағатқа еркін ғибадат-құлшылық жасауға да мүмкіндік мол. Сонымен қатар, мешіт маңында Қадір түнінің құрметіне орай, сәресі беріледі.

Мешіт ауласы, айналасы қалалық әкімшіліктің қолдауымен, тәртіп сақшылары, өрт сөндіру, жедел жәрдем т.б. арнайы қызметкерлердің қырағы қадағалауымен, мешіттегі қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда.

  «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.