Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әлемге рақым болып келуін қалай түсінеміз?
Он сегіз мың ғаламның Сардары – дүниеге адамзат пен жын қауымына Алланы таныту үшін әрі жа- ратылыс атаулыға рақымдылық жаршысы. Құран аяты бұл сырды паш етіп: «Біз сені әлемге рақым етіп қана жібердік» («Әнбия» сүресі, 107) дейді.